16 ақпанда жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы, тек республиканың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде күн ашық. Тек кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде жел тұрады жылдамдығы 15-20 м/с. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар