16 ақпанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 ақпанда өтетін маңызды шараларға жасалған шолуды ұсынады.

АСТАНА

9.00-де «Қазмедиаорталық» телерадиокешенінің концерт залында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісі өтеді. Шараның тақырыбы: «ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің 2017 жылда атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2018 жылға қойылған мақсаттар».

11.00-де Әкімдік баспасөз орталығында «Астана LRT» ЖШС «Қоғамдық көліктердегі төлемдерді электрондық жүйеге ауыстыру. Жеңілдік санатындағы азаматтар ережесіндегі өзгерістер» тақырыбында брифингі өткізеді.

11.00-де Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің төрағалығымен өтетін Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссияның отырысы өтеді.

11.00-де Министрліктер үйінде ҚР Әділет вице-министрі Наталья Панның төрағалығымен және бизнес-қауымдастықтар, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес секторлардың қатысуымен заңжобалық қызмет мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы.

11.20-де Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың және технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары Несіпгүл Есембаеваның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Ақмола облысының активінің ауылшаруашылық өндірісіне заманауи технологияларды енгізуді ұйымдастыру бойынша бірлескен жиын өтеді.

15.00-де Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша Сенатта уәкілетті органдармен кездесу өтеді.

15.00-де «Қазмедиаорталық» телерадиокешенінің концерт залында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 жылғы атқарған жұмыс қорытындысына арналған ведомстваның кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.

16.00-де Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығы иегерлерінің салтанатты жиыны өтеді.

ОҚО
10:45-те Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп береді.

АҚМОЛА 
15:00-де Астрахань ауданының әкімі Нұрлан Сейілов 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларын мен 2018 жылға белгіленген міндеттерін туралы тұрғындар алдында есеп береді.

Соңғы жаңалықтар