16 ақпанда 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 16 ақпан күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің 2 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің ақпараты бойынша, 16 ақпан күні түнде Астана мен Шымкент қалаларында ауа сапасының нашарлауы күтіледі. Ал Ақтөбе, Алматы, Балқаш, Қарағанды, Тараз, Теміртау және Өскеменде метеожағдай қолайлы болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Ауаның ластану деңгейін анықтайтын маңызды фаторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Соңғы жаңалықтар