16-17 қаңтар күндері Маңғыстау мен Жамбылда оқушылар қашықтан оқиды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16-17 қаңтарда маңғыстаулық және жамбылдық оқушылар үйден оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңғыстау облысы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылдың 16-17 қаңтар күндері облыстың барлық білім беру ұйымдарының оқушылары онлайн форматта білім алады. Ақтау қаласындағы облыстық мамандандырылған интернат оқушылары офлайн оқуын жалғастырады» делінген Маңғыстау облысы білім басқармасы таратқан мәліметте.

Айта кетейік, өткен аптаның бейсенбі, жұма күндері де Маңғыстау мектептерінде оқу онлайн жүргізілген еді.

Сондай-ақ осы күні Жамбыл облысының білім басқармасы жайсыз ауа райына байланысты 16-17 қаңтар күні облыстағы жалпы орта мектептердің мектепалды даярлық және 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқитынын мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар