152 вагон қант өңірлерге жөнелтіледі - министрлік

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 152 вагон қант жақын күндері өңірлерге жеткізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазіргі уақытта Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен қант тиелген 152 вагон тасымалданады. Бұдан басқа, темір жолмен өңдеуге арналған құрғақ қант шикізаты бар 116 вагон жеткізіліп тасымалданып жатыр. Отандық зауыттардың қант өндірісі тарифтік жеңілдік шеңберінде үшінші елдерден жеткізілетін құрақ қант шикізаты негізінде жүзеге асырылады», - делінген министрлік хабарламасында.

Облыс әкімдіктеріне жеткізілетін қантты жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды.

Министрліктің хабарлауынша, қазақстандық зауыттарда қант өндірісі тоқтамайды.Қантты өңірлерге үздіксіз жеткізу жүзеге асырылады, өнім қоры үнемі толықтырылып отырады. Үкімет елді қантпен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.


Соңғы жаңалықтар