1500 жамбылдық азамат «Денсаулық» пойызы мамандарының көмегін алды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған акцияның аясында жүрген «Денсаулық» медициналық пойызы Жамбыл облысындағы шалғайдағы алты стансасында болуы тиіс, делінген Жамбыл облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.

«Биыл бір уақытта жүре бастаған «Менің Қазақстаным», «Жәрдем», «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» имидждік пойыздары әлеуметтік жобаны іске асыруды жалғастыруда. Қайырымдылық медициналық пойызы ең шалғайда жатқан бөліктерге, адамдардың тегін кәсіби медициналық көмекке әр кезде қол жеткізе алмайтын стансаларға барады», - деп баяндады Жамбыл облыстық ТЖД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Сәуле Мұнатаева.

Пойыз бес вагоннан тұрады, олардың екеуі медициналық мақсатта қолданылады. Мұнда флюрографиялық аппарат, рентгтен-қондырғы, УДЗ аппараты және ауруларды анықтап қана қоймай, шағын хирургиялық оталарды жасауға мүмкіндік беретін басқа да медициналық жабдықтар бар.

Пойыздың медициналық бригадасының құрамында жоғары және бірінші біліктілік санатындағы 18 дәрігер (педиатрлар, кардиологтар, тіс дәрігерлері, хирургтар, басқа мамандар) бар.

Көлемді төтенше жағдайлар кезінде бұл пойыздың қызметкерлері әр ауданда зардап шеккен адамдардың көп бөлігіне мамандандырылған медициналық көмекті көрсетіп, кейінгі қалдырылмайтын оталарды жасай алады, зардап шеккендер қауіпсіз жерге көшіліріп немесе оған уақытша жатқызылады.

«Бүгінде «Денсаулық» медициналық пойызының қызметкерлері шағымданған 1500-ға жуық адамды тексеріп, медициналық көмегін көрсетті. Медициналық пойыздың Жамбыл облысы аумағындағы жұмысы 10 сәуірге дейін жалғасады», - деп түсіндірді С.Мұнатаева.

Соңғы жаңалықтар