15 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 желтоқсанда Қазақстандағы аса маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

АСТАНА

9.00-де Орталық саябақта «Алғашқы қар» ашық  қысқы шаңғы маусымы ашылады

АЛМАТЫ

11.00-де Халық аренада 4-6 жас аралығындағы балалардың жарысы өтеді. Қатысқан балалардың барлығы медальдармен және дипломдармен марапатталады.

11.30-да Алматыда (№54 мектеп-лицейде) «Beesiness. Ара ісі» үстел ойындары бойынша Алматы қаласындағы мектептер арасында Қазақстандағы алғашқы экономикалық турнир өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

19.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Н.Бекежанов атындағы драма театрында Рақымжан Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» драмасының қойылымы өтеді.

ТҮРКІСТАН

 10.30-да Төле би ауданында 7 модульді - қаңқалы медпункттер ашылады. Сондай- ақ, Төле аудандық орталық ауруханасының толық жөндеуден өткен 3Н (триаж) жүйесі бойынша) қабылдау бөлімі тұрғындарды қабылдайды.

АҚТАУ

14.30-да 29а шағын ауданында «Аққала Мол» ойын-сауық орталығы ашылады.

15.30-да 4 шағын ауданда Абай Құнанбаев ескерткішінің ашылу салтанаты өтеді.

16.00-де Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде облыс әкімінің қатысуымен мерекелік шара болады.

Соңғы жаңалықтар