15 желтоқсанда болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 желтоқсанда болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.


11.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді.


12.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде онлайн форматта Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтеді.


12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Мереке және демалыс күндері қарсаңында дәрігерлердің ұсынымдары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Қожапова Роза Абзалқызы, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Алғашқы медициналық-санитариялық көмек жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Өмірзақова Әлия Бақбергенқызы, Нұр-Сұлтан қаласының Көпсалалы медициналық орталықтың инфекционист дәрігері Нәжімова Гүлнәр Сабырқызы. Көрсетілім сілтемесі.

14.00-де индустриялық парктерде баспасөз туры өткізіледі («Баракат Инвест» ЖШС, «Центр бетон» ЖШС, «Modex Astana» ЖШС).

14.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде жылыту маусымы және өрт қауіпсіздігі туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ильин Юрий Викторович. Көрсетілім сілтемесі



Соңғы жаңалықтар