15 желтоқсан күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 15 желтоқсан күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға жасалған шолуды ұсынады.

АСТАНА

11:00-де Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды табыс етеді.

11:20-да Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар мәселесі бойынша заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша отырыс өтеді.

12:00-де Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік наградаларды табыс етеді.

12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде 2017 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

12:00-де «Қазақстан» ОКЗ-да Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт саласының қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етеді.

14:00-де Тұңғыш Президент кітапханасында «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсауы кесіледі.

15:00-де «Астана балет» театрында 22-28 желтоқсан күндері өтетін «Щелкунчик» үш актілі балетіне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

18:00-де «Сарыарқа» мұзайдынында балалардың жыл сайынғы жаңа жылдық көрсетілімі өтеді.

АЛМАТЫ

11:00-де ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында әлемнің әр елінен келген 300 адам қатысатын CHRISTMAS ART FAIR арт-жәрмеңкесі өтеді.

11:00-де «Айсер» қонақүйінде 16 желтоқсан күні Алматы арена спорт кешенінде өтетін қазақ күресінен «Еуразия барысы» әлем кубогіне қатысатын спортшылардың салмағын өлшеу рәсімі өтеді.

12:00-де Қазақстан баспасөз-клубында Алматыдағы тұмаудың алдын алуға және тегін амбулаториялық дәрілерді алу мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

18:30-да «Қазақстан Қор биржасы» АҚ-да акциялар нарығындағы инвесторлар байқауының салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы

15 желтоқсан күні Шымкент қаласында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көпқабатты 11 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 558 отбасы баспаналы болады. Солардың бірі облыстық әкімшілік-іскерлік орталығындағы 9 қабатты 48 пәтерлі екі тұрғын үйлердің пәтер кілттерін табыстау іс-шарасы өтеді.

Сонымен қатар, әкімшілік-іскерлік орталығындағы заман талабына сай жабдықталған жаңа 1200 орындық жалпы орта мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, Абай саябағында медицина қызметкерлеріне арналған қазақтың алғашқы шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ескерткіші ашылады.

Соңғы жаңалықтар