+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

15 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 15 желтоқсан 07:00
Бөлісіңіз:
15 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарға 2018 жылғы 15 желтоқсанға арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстанда энергетик күні

Энергетика өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл мерекен энергетикалық ресурстарды өндірумен, электр және жылу энергиясын өткізумен айналысатын мекеме қызметкерлеріне арналған.

Мерекені атап өту дәстүрі совет үкіметі кезінен бастау алады. Ең алғаш кәсіби мереке ретінде 1966 жылы ГОЭЛРО деген атпен танылған елдің электрификациясының құрметіне бекітілген. Бұл мереке Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер және атаулы күндер туралы» Жарлығымен бекітілген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1995 жылы Жамбыл қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Республика басшыларының Мемлекетаралық кеңесі өтті. Кеңес ұйғарымымен Қорғаныс министрлері кеңесі туралы ереже бекітіліп, ол аймақтың қауіпсіздігі, әскери ынтымақтастық саласындағы бүкіл мәселелерді қарайтын болып шешілді.

1998 жылы «Нұрсұлан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қоры құрылды. Оның мақсаты Қазақстанның білім беру жүйесіне халықаралық білім беру стандарттарын енгізу және тарату арқылы дамуына үлес қосу. Қор жобасының ерекшелігі бай ұлттық мәдени және білім беру дәстүрін сақтау арқылы халықаралық тәжірибеге жету қатар сабақтасқан.

1999 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бекітілді.

2001 жылы Қазақстан Республикасының «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Заңы жарық көрді.

2007 жылы Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақстандық жауынгерлерге арналған монумент ашылды. Душанбенің орталығында орналасқан монументте 35 қазақстандық жауынгердің есімі қашалып жазылған.

2008 жылы Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылында Тәуелсіздік монументі ашылды. Бұл - Алматыда Республика алаңында орналасқан ескерткіштің кішірейтілген көшірмесі. Ескерткіш мешіт пен «Нұрдәулет» сауда орталығының жанында орналасты. Ескерткіштің биіктігі 20 метрден асады.

2012 жылы Қазақстан мен Болгария арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығына арналған «Ежелгі өнер ескерткіштері» тақырыбындағы көркем маркалардың бірлескен басылымы айналымға шықты. Көркем марка офсетті тәсілмен 4 бояуда дайындалған. Перфорациясы жоталы, әр марканың номиналы 250 теңге, көлемі 28*40 мм. Парақтағы маркалар саны 8 дана, әр марканың таралымы 30 мың дана.

2016 жылы Астанада ҚР Ұлттық музейінде «Болашаққа хат» капсулалары сақтауға берілді. Онда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастардың жазған 25 хаты сақтаулы тұр. Оның 16-сы республиканың 16 өңірінен жіберілсе, 9-ын түрлі республикалық жастар ұйымы жазған. Капсула қазіргі жастардан еліміз Тәуелсіздігінің 50 жылдығына сыйлық болып табылады. Оған дейін капсула ҚР Ұлттық музейінде сақталады.

2016 жылы Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Мәңгілік Ел» маркасының салтанатты таныстырылымы өтті. Шығарылған маркалардың жалпы таралымы 7,5 мың дана. Бір марканың бағасы 100 теңгені құрайды. Перфорациясы - жоталы, жиырма маркадан құралған таңбалы қағаз түріндегі 4 бояулы офсетті қағаздан жасалған. Суретшісі - Ксения Плужникова.

2017 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, оның басты мақсаты - цифрлық технологияларды пайдалану және дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

2018 жылдан Лорд-Мэр Вестминстердің шешімімен Қазақстанның Лондондағы елшілігінің ғимараты ресми түрде Kazakhstan House деп аталады. Барлық ресми құжаттарда осылай жазылады. Толық мекенжай мынадай: Embassy of the Republic of Kazakhstan Kazakhstan House 125 Pall Mall, London SW1Y 5EA. Дипмиссия ғимаратына ресми түрде өз елінің атауын Лондондағы кейбір шетелдік елшіліктер ғана бере алған. Әдетте олар Біріккен Корольдықпен ерекше қарым-қатынасы бар мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT