15 жасар оқушы сүт безі қатерлі ісігінің мутацияланған генін анықтайтын программа ойлап тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 15 жасар бостондық оқушы сүт безі қатерлі ісігінің мутацияланған генін анықтайтын программа ойлап тапқаны үшін 65-ші рет өтіп жатқан Intel International Science and Engineering Fair байқауында бірінші орын алып, $75 мың көлемінде сыйақы алды.

Жас ғалым сүт безі қатерлі ісігінің мутацияланған генін зерттейтін бағдарламалық құрал ойлап тапқан. Ортақ ғылыми мәліметтерді пайдалана отырып, қатерлі ісікке қарсы BRCA1 генінің барлық қасиетін зерттеген. Оның бағдарламасы арқылы ағзада болып жатқан өзгерістердің қауіптілігін болмаса қауіпсіздігін анықтауға болады. Жас ғалымның ұсынған ғылыми шешімі 81 пайыздық дәлдікке ие екендігі анықталды. Ендігі кезекте оның ғылыми жетістігі сүт безі дертінің пайда болуын анықтау мен алдын-алуда пайдаланылатын болды. Бұл байқауға алматылық оқушы Әділсұлтан Лепес те математика секциясы бойынша қатысқан болатын. Оның «100 теңсіздіктің балама дәлелі: қатыстылардың бөліну әдісі» жобасы 4 орынға лайық деп танылды. «Әлем өзнің болашағы үшін дұрыс шешім таба алатын ғалымдарға, олардың адамзаттың игілігіне қызмет ететін ғылыми жетістіктеріне мұқтаж. Intel болашақтағы инновациялық төңкерістердің авторы жастар екендігіне сенеді. Бүгінгі жеңімпаздар өзге мектеп оқушыларын да өмірін ғылыммен, математикамен байланыстыруға ынталандырады деп сенемін», - деді Intel Foundation қорының директоры Венди Хокинс.

Соңғы жаңалықтар