20:24, 14 Тамыз 2022 | GMT +6
15 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 15 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі «Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» апталық онлайн брифинг өткізеді. Спикер: Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Данияр Оралов.
18.40-та КАЗГЮУ Университетінде Digital Rights Center Qazaqstan және М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті ұйымдастырған Киберқұқық мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.