15 тамыз: Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 15 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

93 жыл бұрын (1925-1990) режиссер ҚОСЫБАЕВ Мұрат Жолдыбайұлы дүниеге келді.

Орал қаласында туған. Алматыдағы киноактерлер мектебін, Ташкент театр институтын бітірген.

Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында, Қарағанды облыстық драма театрында бас режиссер қызметтерін атқарған. 
Ол аталмыш театр сахналарында «Есірткен ерке» (Ш.Құсайынов), «Әпенде» (Н.Хикмет), «Ыбырай Алтынсарин» (М.Ақынжанов), «Бүліншілік» (Д.А.Фурмановтың романы бойынша), «Үйлену» (Н.В.Гоголь), «Қара қыпшақ Қобыланды» (М.Әуезов), «Беу, қыздар-ай!» (Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітов), «Құдағи келіпті» (Қ.Мұхамеджанов), «Ақан сері - Ақтоты» (Ғ.Мүсірепов), т.б. спектакльдерді сахналады.

null 90 жыл бұрын (1928-1994) ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері ҚАЙЫРБЕКОВ Ғафу дүниеге келді.
Қостанай облысының Торғай қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Қазақ мемлекеттік баспасы поэзия редакциясының басшысы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасы поэзия редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1968-1973 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының жетекшісі. 1973-1989 жылдары - «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары. Қазақстан Жазушылар одағы Ақындар қауымдастығының президенті болған. Ақынның «Құрдастар», «Дала қоңырауы», «Жер астындағы жұлдыздар», «Қанатты жылдар», «Беласар», «Жұлдызды тағдырлар», «Елтінжал», «Ақ желкен», «Үш қиян», «Балықшы Иван», «Қосбасар», «Таулар сөйлейді», «Арал әуендері», «Балқурай», «Күн баласы», «Большевик ауылы», «Алтын бесік», «Көсемнің нұрлы атымен», «Дала саздары», «Торғай толқыны», «Асу алда», «Желқайық», «Бір кеменің үстінде», «Маңғыстау маңғаздары», «Күнтеңескен» поэмалар, повестер, өлеңдер, очерктер, көптеген әндердің өлеңдері мен 40-тан аса кітаптың авторы. Көркем аударма саласында Рудакидің, Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Шевченконың, Мақтымқұлының, Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.

«Халықтар достығы» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

null 88 жыл бұрын (1930-1992) композитор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы ҚАЛДАЯҚОВ Шәмші дүниеге келді. 
Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында туған. Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлік техникумын, Ташкенттегі музыка училищесін, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 

1950 жылдан бастап шығармашылық қызметпен айналысқан. Ол ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде танылды. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын «Ақ ерке - Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Теріскей», «Қарқаралы», «Өмір өзен», т.б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады. Композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын «Менің Қазақстаным», «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады. 
1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. 

Шымкент қаласында облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, композитор туған өлке - Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі - Қалдаяқов есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына Қалдаяқов ескерткіші орнатылған 1991 жылы ол жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым менің» (режиссері Т.Ахметов) деген деректі телефильм түсіріліп, «Шәмшіғұмыр» естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді.

null 80 жыл бұрын (1938) актриса, Қазақстанның халық әртісі ТАСЫБЕКОВА Торғын дүниеге келді.

Алматы облысының Іле ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Қазақ драма театрында Марсела (Лопе де Вега «Шөп қорыған ит»), Айбала (Ә.Тәжібаев «Той болады»), Жансұлу (Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай»), Баян (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Құртқа (М.Әуезов «Қобыланды») рөлдерін ойнаған. Радио-телеқойылымдарға, кинофильмдерге қатысқан. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ән қанатында» атты көркем фильмде ойнаған Сәбира бейнесі отандық киноөнердің алтын қорындағы актерлік шеберліктің айшықты үлгісі ретінде бағаланған.


null 63 жыл бұрын (1955) ҚР Жоғарғы сотының судьясы НҰРАЛИН Дәулен Дәулетұлы дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеен. 1972-1973 жылдары - Алматы қаласы Ленин ауданының нотариалдық кеңсесінің хатшысы, 1973-1978 жылдары - Көкшетау қаласы прокуратурасында тағлымдамадан өтуші. 1979-1981 жылдары - Көкшетау қаласы прокуратурасының аға тергеушісі. 1981-1990 жылдары - Көкшетау облыстық сотының мүшесі. 1990-1997 жылдары - Көкшетау облыстық соты төрағасының орынбасары. 1997 жылғы қаңтар-1997 жылғы мамыр айларында - Көкшетау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқасының төрағасы. 1997-1999 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. Қазіргі қызметінде - 1999 жылдан бері.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; ҚР Соттар одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған.

null 55 жыл бұрын (1963-2000) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан әлем чемпионы, әлем кубогының иегері, КСРО чемпионы ШАЙХИЕВ Асқар Тастайұлы дүниеге келді.











null 

51 жыл   бұрын  (1967) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (VI шақырылым), аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі БАРЛЫБАЕВ Ерлан Хайланұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған.

1990 жылы Алматы халық шаруашылығы институты, мамандығы - «Тексеру және бақылау». 2011-2014 жылдары - Ресей Федерациясы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясы, біліктілігі - іскерлік әкімшілік докторы (Doctor of Business Administration (DBA)

Жұмыс тәжірибесі: 1990 - 1992 жылдары - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі сумен жабдықтау жұмыс басқармасы бас бухгалтердің орынбасары, 1992 - 2002 жылдары - «БАЕР» компаниясының президенті, 2002 - 2008 жылдары - «СҮТ» АҚ (Павлодар қаласы) басқарма төрағасы, 2008 - 2016 жылдары - «Мал өнімдері» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, 2009-2010 жылдары - «ГорЭлектроСеть» АҚ (Екібастүз қаласы) басқарма төрағасының экономика және қаржы бойынша орынбасары, 2010-2016 жылдары - «ГорЭлектроСеть» АҚ (Екібастұз қаласы) Директорлар кеңесінің төрағасы, 2010 -2011 жылдары - "Атамекен" ҚҰЭП басқарма төрағасының  халықаралық мәселелер бойынша орынбасары, 2011 ж. - «Ак жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары (экономикалық саясат және кәсіпкерлікті қолдау), 2016 жылғы наурыздан - VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2013 жылы "Құрмет" орденімен наградталған.

null 45 жыл бұрын (1973) Түркістан облысы Шардара ауданының әкімі ҚЫСТАУОВ Болатбек Дүйсенбекұлы дүниеге келген.

Еңбек жолы: «Күйік» асыл тұқымды мал шаруашылығы зауытының асыл тұқымды қой шаруашылығы бөлімінің есепшісі (1990-1995); Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасының жетекші маманы, ОҚО қаржы басқармасының бөлім бастығы (1995-1996); ОҚО Төле би ауданының қаржы бөлімінің меңгерушісі (2002-2004); Қазығұрт ауданы қаржы бөлімінің меңгерушісі (2004-2009); ОҚО Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары (2009-2012); Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі (2012-2016); «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2016 жылы).

Қазіргі лауазымын 2016 жылғы желтоқсаннан бері атқарып келеді.

null 249 жыл бұрын (1769-1821) ұлы француз императоры НАПОЛЕОН I (Бонапарт) дүниеге келді.

16 жасында артиллерия кіші лейтенанты шенінде әскери қызметін бастады. 1799 жылы мемлекеттік төңкеріс жасап, бірте-бірте билікті өз қолына алып, 5 жылдан кейін император болды. Ол көптеген жорықтар ұйымдастырып, империя аумағын мейлінше ұлғайтты. Алайда 1812 жылғы Ресеймен соғысы оның «Ұлы армиясын» күйретіп қана қойған жоқ, сонымен бірге Еуропада Наполеон езгісіне қарсы ұлт-азаттық күрестің басталуына ұйытқы болды. 1814 жылы наурызда Парижге енген одақтастар әскері оны орнынан түсуіне мәжбүр етті. Ол 1815 жылы Эльба аралынан Францияға қайта оралып, екінші рет «жүз күн» билік құрды. 1815 жылы 2 маусымда Ватерлоо түбінде Ресей, Англия, Германия әскерлерінен жеңіліп, 6 жылдан кейін Қасиетті Елена аралында қайтыс болды. 

Соңғы жаңалықтар