15 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

10.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Қазақстандағы Спорт күніне арналған салтанатты шара өтеді. Шараға елімізге белгілі спортшылар мен спорт ардагерлері қатысады және ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт саласының қайраткерлерін арнайы наградалар және грамоталармен марапаттайды.

11.00-де Назарбаев орталығында «Method PRO» бағдарламасының үздік командаларының жобалары таныстырылады.

15.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады. Өтетін орны: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ғимараты.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

15.00-де М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Мәлік Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді. Шараға Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар