+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

15 шілде. Туған күн иелері

2020 жылғы 15 шілде 08:08
Бөлісіңіз:
15 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 15 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
7 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі 6 тамыз: Туған күн иелері 6 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСІМДЕР

63 жыл бұрын (1957) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Дуйсенғазы Мағауияұлы МУСИН дүниеге келді.

Семей облысының Жарма ауданы Ильинка ауылында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1979) агроном мамандығы бойынша; қазақ гуманитарлық заң университетін (2004) заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1979 жылдан - В.И. Ленин атындағы ұжымшардың тұқым өсіруші-агрономы, бас агрономы (Семей облысы Жарма ауданы Игоревка ауылы). 1985-1988 жылдары - ШҚО Жарма ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі. 1993 жылы - Жарма ауданы Жарық ауылы асыл тұқымды кеңшар директоры, 1996 жылы - «Қалбатау» асыл тұқым зауыты» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2001 жылы - ШҚО Жарма ауданының әкімі. 2009 жылы - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының әкімі болды. Сенат депутаты болып сайланғанға дейінгі соңғы қызметі - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аграрлық мәселелер бойынша орынбасары. 2017 жылғы маусымда ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

62 жыл бұрын (1958) Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Серікбайұлы ӘБДІРАСЫЛОВ дүниеге келді.

Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі. Білімі жоғары. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын және Мәскеу Экономика және статистика университетінің Қашықтан оқыту институтын бітірген.

1980-1986 жылдары - Мәскеу облысындағы СССР ҒА Биофизика институтының стажер-зерттеушісі, аспиранты. 1986-1994 жылдары - Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының оқытушысы, доценті, деканы, проректоры. 1994-1996 жылдары - Ресей ғылымдар академиясы Жасуша биофизикасы институтының аға ғылыми қызметкері. 1996-2000 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірінші проректоры, ректоры. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығының директоры. 2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестациялау комитетінің төрағасы. 2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2010 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы. 2012 - 2016 жылдары - ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры. 2017-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы болды.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың маусымынан.

Ресей, Австралия, Голландия, Оңтүстік Корея, АҚШ-тың жетекші журналдарында 60-тан астам ғылыми жұмыстары жарық көрген. «Құрмет» орденімен наградталған. Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының П.Л.Капица атындағы естелік медалімен марапатталған.

59 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Вячеслав Васильевич САЛИЙ дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Свердловск заң институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1987-1988 жылдары – Урицкий аудандық сотының судьясы. 1988-2000 жылдары – Қостанай облыстық сотының судьясы. 2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төроағасының кеңесшісі. 2002-2007 жылдары – Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы. 2007-2013 жылдары – Астана қаласы сотының судьясы. 2013-2014 жылдары – Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы. 2014-2019 жылдары – Астана қаласы сотының судьясы.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың желтоқсан айынан.

42 жыл бұрын (1978) «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Вячеслав Валентинович ПАЩЕНКО дүниеге келген.

Алматы мемлекеттік университетінің орыс филологиясы факультетін, қаржы және несие мамандығы бойынша Экономика және құқық академиясын бітірген (2005).

Еңбек жолы: ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі; «Бизнес-Партнер» экономикалық мультимедиялық порталының бас редакторы; «Интерфакс-Казахстан» бас редакторы.

Қазіргі лауазымын 2016 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT