+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

15 шілде күнгі ауа райы болжамы

2020 жылғы 15 шілде 04:19
Бөлісіңіз:
15 шілде күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республиканың басым бөлігі әлі де антициклоның ықпалында болғандықтан, 15 шілде күні жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Елдің тек батысы мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста бұршақ күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел соғады, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ауа райы: Еліміздегі 9 облыстың аумағында жел күшейіп, бұршақ-жаңбыр жауады Синоптиктер үш күнге ауа райы болжамын жариялады Жұмаға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қызылорда облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, дауыл, бұршақ болжанады.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Қарағаңды облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с артады.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында 18 м/с екпінде жел күтіледі.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты, кей жерлерде өте қатты ыстық болады.

Сондай-ақ Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Айта кетейік, синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT