+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

15 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылғы 15 сәуір 07:00
Бөлісіңіз:
15 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2021 жылғы 15 сәуірге арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық мәдениет күні

1935 жылдың 15 сәуірінде көркем және ғылыми мекемелер мен тарихи ескерткіштерді қорғау туралы халықаралық келісім - Рерих Пахтісінің қабылдануына орай құрылды. 15 сәуір күні Халықаралық мәдениет күнін белгілеу туралы ұсынысты 1998 жылы Мәдениетті қорғау халықаралық лигасы жасады.

Дүниежүзілік өнер күні

Халықаралық өнер қауымдастығымен (IAA) құрылып, алғаш рет 2012 жылы атап өтілді. Бейнелеу өнерінің барлық түрлеріне арналған халықаралық күнді атап өту идеясы алғаш рет Мекисканың Гвадалахара қаласында өткен Халықаралық өнер қауымдастығының 17-ші Бас ассамблеясында айтылды. Оны Түркия өкілі ұсынып, Франция, Қытай, Кипр, Швеция, Жапония, Словакия, Маврикия және Норвегия елдерінің делегаттары қолдады. 15 сәуір күнінің таңдалған себебі - бұл күні 1452 жылы атақты итальяндық суретші Леонардо да Винчи дүниеге келді.

Экологиялық білім күні

Әдетте әр елдегі ұлттық табиғатты қорғау ұйымдарының бастамасымен атап өтіледі. Бұл мерекенің тарихы 1992 жылы, БҰҰ-ның Рио-де-Жанейро қаласында Қоршаған орта проблемаларын талқылау бойынша конференциясы өткен кезден бастау алады. Экологиялық білім күнін өткізудің негізгі мақсаты - экологиялық білімді алға жылжытып, Жер шары тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың бойында табиғат және оның қорларына құрмет сезімін тәрбиелеу.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1925 жылы Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласында Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің V съезі өтті. 15-19 сәуір аарлығында өткен съезде Ахмет Байтұрсынұлының халыққа өзінің тарихи «қазақ» атын қайтару жөніндегі ұсынысы қаралып, қолдау тапты. «Қырғыз басқа, қазақ басқа екенін қазақ баласы тегіс білсе де бұл күнге шейін ештеңе демей, тымақтары салпиып келеді. Оны өткен замандардың ағымдары көтерсе де, қазіргі күнде ұлт атын жасыруды, ұлт тарихы ондай жаңсақтықты көтермейді», деп сөйлеген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Сонымен, Ахмет Байтұрсынұлының ұлт алдындағы тағы бір ұлы еңбегі - қазақты қайтадан қазақ атандырып бергені болды.

1993 жылы Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі Брюссель қаласында ашылды.

2005 жылы Лондонда Қазақстан Республикасы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның Ұлыбританиядағы өкілдігі ресми ашылды.

2006 жылы Түркия Республикасының беделді азаматтық ұйымдарының бірі Түркия жазушылар және өнер қайраткерлер қоғамы (ТҮРКСАВ) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты 2005 жылғы «Түркі әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» сыйлығымен марапаттады.

2008 жылы тарихта алғаш рет «Шоқан Уәлиханов» атындағы қазақстандық яхта Атлант мұхитын жүзіп өтті. Яхта командасы үш апта ішінде Атлант мұхиты арқылы жер шарын шарлап шықты. Қазақстандықтар мұхит арқылы өтуді 2008 жылғы наурыздың 25-інде Канар аралдарынан бастады. Орталық Азия Жағрафия қоғамының кеңсесіне сәуірдің 15-інде қазақстандық кеме Барбадос жағалауына келгенде жорықтың аяқталғаны туралы хабарлама келді. Экипаждың барлық төрт адамы да ІІІ дәрежелі Поляр жұлдызы сыйлығына ұсынылды.

2010 жылы Алматыда «Қазпошта» АҚ Жеңістің 65 жылдығына арналған пошта маркасын айналымға шығарды. Маркада мәңгі алаудың аясында Мәскеу қаласын қорғау кезінде соғыста ерлік көрсеткен 28 панфиловшыларға арналған саябақтағы Даңқ мемориалы бейнеленген. Марканың номиналы – 32 теңге. Суретшісі – Данияр Мұхамеджанов.

2016 жылы Астанада «Жібек жолы» раллиінің ресми өкілдігі ашылды. Мұндай офистер Мәскеуде, Парижде, Бейжіңде бар.

2017 жылы Ақтаудағы «Қазтеңізтрансфлот» компаниясының ғимаратында Литва өкілдігі ашылды. Литва Республикасының Маңғыстау облысындағы құрметті консулы лауазымына Марат Орманов тағайындалды.

2018 жылы Қазақстан алғаш рет Лондон кітап жәрмеңкесіне қатысты. Онда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, сондай-ақ қазақ әдебиетінің классиктері - Мұхтар Әуезовтің, Оралхан Бөкейдің, Герольд Бельгердің шығармалары таныстырылды. Ұсынылған шығармалардың барлығын британиялық аудармашы Саймон Гейган ағылшын тіліне аударды.

2019 жылы Бейжіңде жыл сайынғы әлемдегі ең ірі туристік көрмелердің бірі China Outbound Travel & Tourism Market (COTTM) көрмесінде қазақстандық туристік әлеует таныстырылды. Қытаймен жұмыс істейтін 11 қазақстандық туристік оператор аумағы 60 шаршы метр павильонда көрме қатысушыларын қабылдап, Қазақстан Республикасы, оның туристік бағдарлары, өнімдері туралы ақпарат берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT