15 оңтүстікқазақстандық жас «Жыл патриоты-2014» сыйлығына лайық деп танылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы 15 жас азамат салтанатты түрде «Жыл патриоты-2014» сыйлығын алды.

«Олардың арасында студенттер, спортшылар, мектеп оқушылары мен жас мамандар бар. Бұл сыйлық - жастармен жұмыс кезінде олардың күнделікті проблемаларын шешуде атқарған еңбектері үшін білдірілген алғыс», - деді жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл.

Cонымен, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін Оксана Фокина сыйлық алды. Бұл бойжеткен «Инватакси» ЖШС-інде бағдарламашы қызметін атқарады. Бұдан басқа, Жазира Жаппарқұлованың еңбегі атап өтілді. Ол Алматыда өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Одан бөлек, Ж.Жаппарқұлова Сингапурде жасөспірімдер арасында өткен 2010 жылғы Олимпиада ойындарында чемпион атанды. Қыдырәлі Сыздық та бұл сыйлыққа ие болды. Шарабұлақ көлінде суға батып кете жаздаған екі жасар баланы құтқарған Қазығұрт ауданының 11 сынып оқушысының есімі әуелі бүкіл ауыл, содан кейін облысқа жайылды.

Соңғы жаңалықтар