15 наурыздан бастап Түркияға баратын туристер арнайы анкета толтырады

None
None
АНКАРА - Анадолы. ҚазАқпарат - 15 наурыздан бастап Түркияға шетелден келетін адамдар электронды форматтағы анкета толтырады. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін мұндай анкеталар паспорт тексеретін орында қағаз жүзінде толтырылатын.

Анкета толтырған кезде өздері туралы негізгі мәліметтер мен Түркияда тұратын мекенжайды жазуы керек.

Электронды анкеталарды Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің register.health.gov.tr. сайтында толтыруға болады.

«Анкета жолға шығардан 72 сағат бұрын толтырылуы керек. Осы мәліметтердің арқасында Түркияға барған кезде коронавирус жағдайына қатысты елдегі жағдай қандай екенін біліп, өзіңіз бен жақындарыңызды қорғай аласыз. Анкета толтырған адамға код беріледі. Қажет болған жағдайда Түркия билігі адаммен осы код арқылы байланысқа шыға алады. Осыған байланысты өзің туралы мәліметтерді дұрыс көрсету маңызды. Анкетаның бар-жоға шекарада тексерілетін болады. Анкета толтырылмаған немесе қате толтырылған жағдайда айыппұл салынуы мүмкін, сондай-ақ елге кіруге рұқсат етілмеуі мүмкін», - делінген Түркияның денсаулық сақтау министрлігінің сайтында.

Транзитпен саяхаттайтын тұлғаларға анкета толтырмай қоюға болады.


Соңғы жаңалықтар