15 наурыздан бастап Өзбекстанға келушілер КВИ-ға қосымша тест тапсырмайды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда 15 наурыздан бастап әуежайлар, теміржол вокзалдары немесе шекара бекеттері арқылы шетелден келетін жолаушылар коронавирусты анықтайтын қосымша экспресс тест тапсырмайтын болды. Мұндай шешімді Өзбекстан Республикасының коронавируспен күресу жөніндегі арнайы республикалық комиссиясы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Жаңа ережеге сәйкес, әуе, теміржол және автомобиль көлігімен келетін адамдар соңғы 72 сағат ішінде жасалған коронавирус инфекциясының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынуы керек (тек ПТР әдісі).

Барлық келген жолаушыларға арналған тестілеу нәтижесі ағылшын немесе орыс тілінде болуы қажет.

Сонымен қатар, Арнайы комиссия тиісті ведомстволарға 25 наурызға дейін әр елде ПТР тестен өтуге рұқсат ететін 10-нан кем емес зертхананың тізімін дайындауды тапсырды.

Осы медициналық мекемелердің ғана сынақ нәтижесі Өзбекстанда жарамды саналады.

Еске сала кетсек, қолданыстағы ережелерге сәйкес, Өзбекстан аумағына ПТР тестінің теріс нәтижелері бар сертификатпен бірге кірушілер коронавирус жұқтырмағанын дәлелдеу үшін экспресс тест тапсыруға міндетті.

Экспресс тест құны - 95 мың сум. Оны елге кірген азаматтар төлейді.

Паспортта тест туралы ақпараты бар штрих-код жабыстырылып тұрады.


Соңғы жаңалықтар