15 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 наурыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.30-да ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Жұқа мұздың қауіптілігі туралы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов. Онлайн баспасөз-конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі https://www.facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы https://instagram.com/rsk.astana?igshid=YmMyMTA2M2Y= ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының, Бас штабы және Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелері арасында тоғызқұмалақтан чемпионат өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Мүксімов Салауат Сыйлыбайұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

17.15-де АХҚО сотында IAC Central Asia Vis Pre-Moot 2023 төрелік тыңдаулар бойынша студенттік байқау финалистерін марапаттау рәсімі өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Сәкен сұңқар» драмасы қойылады.

19.00-де Astana Opera театрында «Махаббат сусыны» операсы қойылады.

19.00-де Жастар театрында «Лифт» психологиялық драмасы қойылады.


Соңғы жаңалықтар