15 мыңнан аса жұмысшының жалақысын ала алмай жүргені анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 13,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 618 кәсіпорнында 15,4 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 556,7 млн теңгеден астам сомаға жалақы берешегін анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 562 нұсқама беріліп, 98,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестесі мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 13,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.

Оларға 3 млрд 313 млн теңге төленді.


Соңғы жаңалықтар