+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

15 мың телесабақ түсіріледі - Асхат Аймағамбетов

2020 жылғы 25 мамыр 16:52
Бөлісіңіз:
15 мың телесабақ түсіріледі - Асхат Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 мың телесабақ түсіріледі. Бұл туралы онлайн режимде мұғалімдердің қатысуымен өткен конференцияда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Аймағамбетов ойлануы тиіс Энергетика саласында еңбек етсем деймін – Әміржан Армандиев Назарбаев университетінде білімімді жалғастырмақшымын – Шынар Марс

Министр қашықтан оқыту кезінде үш мыңнан астам телесабақ дайындалғанына тоқтала келе, «Шынымен де елеулі жұмыстар атқарылды. Қазір тағы да 15 мың телесабақты түсіруді жоспарлап отырмыз, себебі бізге болашаққа дайындалу керек. Пандемияның екінші немесе үшінші толқыны болмаса да, сабақ өткізілмейтін аязды күндер кездеседі. Сонымен қатар, қыста жолдың жабылуына байланысты тиісті мерзімде балалар оқи алмайтын жағдайлар да туындауы мүмкін. Осындай күтпеген жағдайлар көптеп кездеседі», - деді.

Осы орайда А. Аймағамбетов телесабақтар білім беру үшін жақсы тәсіл екенін атап өтті.

«Жалпы, телевизиялық форматта дайын болуы үшін біз оқу жылының тұтас төрт тоқсанындағы сабақтарды түсіруді жөн санадық. Қазір арнайы алаңды даярлап жатырмыз, онда әрбір мұғалім өзінің сабақтарын тиісті талаптармен түсіру мүмкіндігіне ие болады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр телесабақтарды даярлауға белсенді қатысқан мұғалімдерді марапатады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT