15 маусымда Павлодар облысында шомылу маусымы басталады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодардағы жағажайларда шомылу әлеуметтік қашықтықты сақтауға жеткілікті орын болған кезде рұқсат етіледі.

Суға шомылу маусымы кезде жағажайларға шезлонгтар, киім ауыстыратын орындар және басқа да жабдықтар болуы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар облысында 15 маусымда суға шомылу маусымы басталады. Жағажайларда шомылу әлеуметтік қашықтықты сақтауға жеткілікті орын болған кезде рұқсат етіледі. Бұл ретте керек жабдықтар (шезлонгтар, киім ауыстыратын орындар, аяқ жуатын орындар және т.б.) орналастырылуы керек. Олардың сигналдық белгілері, шектеу кедергілері мен ленталары болуы маңызды», - деп хабарлады облыстық санитариялық-экпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Бұл туралы әңгіме аймақтық СЭБД және төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, басқарманың орман шаруашылығы және су ресурстары бөлімі басшысының қатысуымен өткен брифингте айтылды.

«Демалыс аймақтарындағы жабық ғимараттарда ауаны залалсыздандыру кварц, бактерицидті лампалардың көмегімен және ауаны рециркуляциялау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл – осындай нысандардың қызмет етуінің міндетті талабы», - деді эпидемиологтар.


Соңғы жаңалықтар