15 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 15 маусым күні елорда мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.

9.30-де «Park Inn by Radisson Hotel Astana» конференц-залында «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығын институционалдық қолдау» тақырыбында халықаралық семинар өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Қалалық мәслихаттың мәжіліс залында «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» көпшілік тыңдау өтеді.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Еліміздегі экологиялық жағдай туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова, «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары Серік Сайыров. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

11.00-де «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде «Жаңа Қазақстан – азаматтық қоғамы мықты тиімді мемлекет» атты Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтеді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де Қабанбай батыр даңғылы, 19 мекенжайында ҚР уәкілетті органдары, сондай-ақ көмір өнеркәсібі және басқа да өкілдердің қатысуымен «Көмір генерациясы контекстіндегі жасыл технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының таныстырылымы өтеді. Кездесуге ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар қатысады.

19.00-де Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында «Мен сендерді жақсы көрем, адамдар» музыкалық кеші өтеді.

19.00-де Жастар театрында мистерия жанрындағы «Каин» қойылымы көрсетіледі.

АЛМАТЫ

10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында құқық иеленушілердің республикалық конференциясы өтеді. Іс-шарада зияткерлік меншік құқықтарын іс жүзінде қолдану, шығармашылық қызмет нәтижелерін жасау мен пайдалануды құқықтық реттеу және өзге де мәселелер талқыланады.

11.00-де ҚР Президентінің архивінде Жас архившілердің V жазғы мектебі ресми ашылады. Оған ҚР Президенті Әкімшілігінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің, Қазақстан, Ресей, Беларусь және Өзбекстан архив мекемелерінің басшылары қатысады.

15.00-де Алматы музейінде қазақ телевизиясының ардагері, белгілі тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» атты деректі фильмі таныстырылады.

13.30-да Novotel Almaty City Center қонақүйінде Қазақстан-Литва бизнес-форумы өтеді. Оған ҚР ИИДМ, «Атамекен» ҰКП, KАZLOGISTICS Қазақстан көлік қызметкерлері одағының өкілдері, Литва көлік және коммуникация министрі Мариус Скуодис, Литва өнеркәсіпшілер Конфедерациясының Президенті Видмантас Янулявичюс қатысады.

18.30-да «Жас сахна» театрында «Менің кішкентай Оскарым» қойылымы ұсынылады.

19.00-де М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Жүрегімнің иесі» психофизикалық драмасы көрсетіледі.

19.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Махаббат, қызық мол жылдар» драмасы қойылады.


Соңғы жаңалықтар