Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46

15 маусым. Туған күн иелері

2019 жылғы 15 маусым 08:08
Поделиться:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 15 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


15 маусым. Туған күн иелері 67 жыл
 бұрын (1952) Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі  Тілектес Исабайұлы ЕСПОЛОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылында (Михайловка) туған.  Орта мектепті бітіргеннен кейін 1975 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін бітірді.

Еңбек жолын 1975 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының кафедра ассистентінен бастады, комсомол және партия комитеттерінің хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды. 1978-1981 жылдары Мәскеу қаласындағы А.Н.Костяков атындағы Бүкілодақтық гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыды. 1982 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты сумен қамтамасыз ету және суландыру жөніндегі салалық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, оқытушысы және доценті, Алматы индустрия колледжінің директоры (1993 жылы), одан кейін Алматы индустриялық-педагогикалық академиясының ректоры болып қызмет атқарды. 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры қызметін атқарады. 2003 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы академиясының вице-президенті болып сайланды. 2004 жылдың сәуір айында ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Аграрлық ғылымдар бөлімшесінің төрағасы және Құрметті академигі, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Ресей ауылшаруашылық академиясының академигі, Халықаралық Жоғары мектеп академиясының академигі, 2008 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды.


15 маусым. Туған күн иелері65 жыл
 бұрын (1954) Шығыс Қазақстан облысының әкімі  Даниал Кенжетайұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. Павлодар индустриялық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін «Павлодартұрғынүйқұрылыс» тресі үй салу комбинатының шебері, Екібастұз қалалық партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді. 1987-1991 жылдары - Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1991-1992 жылдары - «Екібастұзэнергтұрғынүйөнеркәсіпқұрылыс» тресінің басшысы. 1992-1993 жылдары - Екібастұз қалалық әкімдігінің басшысы. 1993-1997 жылдары - Павлодар облыстық әкімдігінің басшысы, әкімі. 1997-1999 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 1999-2001 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2001-2003 жылдары - Павлодар облысының әкімі. 2003-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі. 2007-2009 жылдары ҚР Қорғаныс министрі. 2010-2012 жылдары экологиялық энергетика саласындағы компания басшысы. 2012-2014 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Қазақстан тарапынан алқа мүшесі (министр).

Қазіргі қызметінде 2014 жылғы қарашадан бері. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының академигі, 3-ші, 2-ші дәрежелі «Барыс», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.


15 маусым. Туған күн иелері 55 жыл
бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім»республикалық мемлкеттік кәсіпорының директоры Саттар Фазылұлы МӘЖИТОВ дүниеге келген.

Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыды. Мамандығы: тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, республикалық білім беруді ақпараттандыру орталығында тарихи бағдарламалар бойынша жұмыс істеді. Қазақстан бойынша ЮНЕСКО комиссиясының мүшесі.

2019 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.




15 маусым. Туған күн иелері54 жыл
 бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы   Кәрім Қажымханұлы МӘСІМОВ дүниеге келді.

Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында туған. Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін, Бейжің тіл институтын, Ухань заң университетін (ҚХР), Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің бөлім бастығы, бас маманы, 1992 жылы «Казақпригранторг» фирмасы директорының орынбасары, 1992-1993 жылдары ҚХР-ның Үрімжі қаласындағы «Қазақинторг» өкілдігінің бас маманы, 1993-1994 жылдары «Акцепт» ЖШС директорының сыртқы экономика жөніндегі орынбасары, 1994-1995 жылдары Гонконгтағы Қазақ сауда үйінің атқарушы директоры, 1995-1997 жылдары «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ басқармасының төрағасы. 1996 жылы - «Тұранбанк» басқарма төрағасының міндетін атқарушы, 1997-2000 жылдары Қазақстанның халықтық жинақтаушы банкінің басқарма төрағасы, 2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі, 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, 2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары,  2006 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, 2007-2012 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-министрi,  2012-2014 жылдары - ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы. 2014 жылы қаңтар - сәуір - ҚР Мемлекеттік хатшысының міндетін уақытша атқарушы. 2014 - 2016 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-министрi.

2016 жылдың қыркүйегінен бері қазіргі қызметінде. Экономика ғылымдарының докторы.


15 маусым. Туған күн иелері41 жыл
 бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі  Ерлан Қартайұлы ҚАЙЫРОВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдады. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы қайта даярлау институтында және Дүниежүзілік банктің Экономикалық даму институтында оқыды. 1999-2001 жылдар аралығында мемлекеттік органдарда сыртқы экономикалық байланыс саласында қызмет етті. 2002-2004 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2004-2006 жылдар аралығында - ҚР Президенті Әкімшілігі сыртқы саясат орталығының бас инспекторы. 2006 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аппаратының басшысы болды. 2006-2007 жылдарда - «Атамекен» кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы басқармасы төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының кеңесшісі. 2007-2010 жылдар аралығында - «Қазақтелеком» АҚ-ның сыртқы байланыстар жөніндегі атқарушы директоры. 2010 жылы «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің Еуропа елдері бойынша өңірлік директоры. 2011 жылдың ақпан айынан бастап - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестиция жөніндегі комитетінің төрағасы, 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы. 2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі. 2018 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы болды.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың мамырынан.

Бөлісіңіз:
MURAǴAT