15 маусым күні Алматыда кинотеатрлар ашыла ма – Бекшиннің жауабы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада кинотеатрлар ашылады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 3005 оқиғасы тіркелді. Жұқтырудың негізгі көзі – адамдар көп жиналатын орындар. Олардың арасында кинотеатрлар бар.

«Әлеуметтік желілерде 15 маусымнан бастап Алматы қаласында кинотеатрлар ашылады» деген ақпараттың тарауына байланысты, оның шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлаймыз. Алматыда коронавирус инфекциясының тіркелу жиілігі бәсеңдемей тұрғандықтан, қазіргі уақытта қала аумағындағы кинотеатрлардың жұмысына рұқсат беру мәселесі қаралған жоқ«, - деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ж.Бекшин.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде кинотеатрлар 15 маусымнан бастап жұмысын қайта бастайтыны туралы ақпарат тарады.


Соңғы жаңалықтар