+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

15 маусым күнгі ауа райы болжамы

2021 жылғы 15 маусым 01:18
Бөлісіңіз:
15 маусым күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 маусым күні ҚР территориясының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің тек батысы және оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай, өткінші жаңбыр, бұршақ болжанады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Сонымен қатар оңтүстік-батыста түңгі және таңғы сағаттарда тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Күнгей мен теріскейде - аптап, батыста - бұршақ: 24 шілдеге арналған ауа райы Атырау облысында қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті Елордада 35 градус ыстық болады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында дауыл, бұршақ күтіледі, кей жерлерде жел 15-20, 23-28 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз шаңды дауыл, 15-20 м/с екпінде жел болады.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында желдің күші 15-20 м/с құрайды. Түркістан облысында екпіні 25 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарында сондай-ақ шаңды дауыл көтеріледі.

Батыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында бұршақ болжанады.

Сондай-ақ күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болуы ықтимал.

Қызылорда, Павлодар облыстары, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT