+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

15 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 15 маусым 07:00
Бөлісіңіз:
15 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 15 маусымға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкіләлемдік жел күні.

Бұл айрықша мереке Еуропа жел энергетикасы қауымдастығының және Дүниежүзілік жел энергиясы жөніндегі кеңестің бастамасымен белгіленген. Мақсаты - жұртшылық назарын жел энергетикасының зор әлеуетіне аудару. Алғаш рет Еуропада 2007 жылы тойланды. 2009 жылы бүкіләлемдік мәртебеге ие болды.

Дүниежүзілік қарт адамдарға қатысты зорлық-зомбылық туралы ақпарат тарату күні

Көптеген елдерде қарт адамдарға қатысты әртүрлі құқық бұзушылықтар бар, сондықтан мұндай бұзушылықтарды жою мәселесіне бүкіл халықаралық қоғамдастық назар аударғаны жөн. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2011 жылы қарт адамдарға қатысты зорлық-зомбылық туралы ақпарат таратуға арналған дүниежүзілік күнді белгіледі және осы күні барлық БҰҰ-ға мүше елдерді егде жастағы адамдар туралы ақпараттар арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізуге шақырды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Үндістан Республикасында Қазақстан Елшілігі ашылды.

1996 жылы Абай шығармаларының жинағы Иранда парсы тілінде басылып шықты.

1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Өкімімен Архив туралы Ереже бекітілді. ҚР Президентінің архиві - ҚР Президенті және оның Әкімшілігінің мұрағаттық қызметін қамтамасыз ету саласында республикалық мемлекеттік орган қызметін атқаратын мемлекеттік мекеме. Архивті ҚР Президенті Әкімшілігі басқарады.

2001 жылы «Шанхай бестігіне» Өзбекстан қосылып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды.

2011 жылы Алматыдағы М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зоонозды жұқпалар ғылыми орталығының аумағында Орталық Азия елдерінде теңдесі жоқ Орталық референц-зертханасының 4 қабатты ғимаратының құрылысы басталды.

2012 жылы Астанаға ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болғандығын растайтын сертификат табысталды.

2013 жылы Талдықорған қаласының көрікті жерлерінің бірінде СССР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұқан Төлебаевтың құрметіне ескерткіш ашылды.

2016 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлт жауһарлары» атты сирек кездесетін археологиялық зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық заттар фотожинағының тұсаукесері өтті. Басылымның авторы белгілі коллекционер, өнертанушы, «Әдемі-Ай» компаниясының директоры Баһаргүл Төлеген.

2017 жылы канадалық ғалым Франк Альбоның «Астана: сәулет, мифтер, тағдыр» атты кітабы жарық көрді, онда Қазақстанның астанасы ретінде Астананың табысты да серпінді дамуына ғылыми-объективті, тарихи-геологиялық, архитектуралық және мәдениеттанымдық тұрғыдан талдау жүргізілген.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясына қосылу рәсімі өтті. Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінде ҚР Елшісі Мағжан Ілиясов Қазақстанға Гаага Конференциясының жарғысын қабылдау туралы хабарлап, қосылу туралы құжатты салтанатты түрде ұсынды.

2018 жылы «Алтын шипагер-2018» сыйлығы белгілі қазақстандық баритон, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының әншісі Сүндет Байғожинге ұсынылды.

Осы жылдың сәуір айында елорда театрының жетекші солисі онкологиялық ауруға шалдыққан музыка колледжінің студенті Есімбек Рахаттың арманын орындады. Есімбек өзінің кумиріне айналған Сүндет Байғожинмен кездесуді армандаған. Опера әншісі оның қалауын қуана орындап, Есімбекті ауруханаға іздеп келіп, «Қазақстанның үздік опера әншісі - 2018» марапатының мүсіні мен емін жалғастыруы үшін ақшалай сыйлық табыстады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Сүндет Байғожиннің бұл әрекетіне жоғары баға беріп, «Алтын шипагер» сыйлығын табыс етті.

2018 жылы Римде Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында алғаш рет «Қазақ хандығы - Алмас қылыш», «Жұлдыздар осылай пайда болды» және «16 қалыңдық» сынды қазақстандық фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Итальян тілінде көрсетілген фильмдер римдіктер мен қала қонақтарының қазақ тарихына деген үлкен қызығушылығын тудырды. Оған қаланың тарихи орталығында орналасқан Casa del Cinema кинотеатрына лық толған көрермен дәлел болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT