+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

15 мамыр халықаралық мукополисахаридоз ауруы күні

2021 жылғы 15 мамыр 07:38
Бөлісіңіз:
15 мамыр халықаралық мукополисахаридоз ауруы күні

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 15 мамыр халықаралық мукополисахаридоз ауруы күні. Осыған орай Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында онлайн форматта викториналық жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медицинада сирек кездесетін сырқатты орфандық аурулар деп атайды. Бүгінгі күні ондай аурудың 7 мыңнан астам түрі бар. Көп жағдайда бұл генетикалық. Осындай аурулар арасында инфекциялық, аутоиммундық немесе уытты сипаттағы түрлері кездеседі. Соның бірі – мукополисахаридоз (МПС). Мукополисахаридоз – тұқым қуалайтын гендік дерт.


Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен «Жаңа өмір» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен викториналық жарыс өтті.

Шараға еліміздің әр өңірінен 30-дан аса орфандық аурулар бойынша аймақтық үйлестірушілер, педиатрлар және жалпы тәжірибелік дәрігерлер қатысты.

МПС ауруы бойынша дәрігерлерің білімін арттыру, біліктіліктерін анықтау мақсатында өткен сайыста қатысушылар мукополисахаридоз ауруын емдеу, диагностикалауға қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Алматыдағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігері, орфандық аурулар бойынша Алматы қаласының үйлестірушісі Олжас Әбдірахманов жеңіп алды.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы 2011 жылдан бастап сирек кездесетін аурулар бойынша үйлестіруші болып белгіленген.

«Сирек аурулары бар науқастарды барынша ерте кезеңде анықтау үлкен маңызға ие. Өйткені, оның белгілері басқа түрлі аурулардың белгілері сияқты болуы мүмкін. Сирек ауруларды қарау бойынша орталықта арнайы зерттеулер де жүргізіледі. Диагностикалау жолға қойылып келеді. 2009 жылға дейін орфандық дәрілерде тіркеу болмаған. Қазір бұл мәселе шешімін тауым, өте қымбат тұратын препараттар мемлекет тарапынан тегін қамтамасыз етіледі»,-деп хабарлады Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының баспасөз қызметі.

Орталық таратқан мәліметке сәйкес, бүгінгі күні Қазақстан бойынша мукополисахаридоз дертіне 74 адам шалдыққан. Оның 66 -сы бала. Клиникада мукополисахаридоз бойынша республикалық үйлестіру жұмысын Педиатрия орталығының білікті дәрігері Майра Шәріпова атқарады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT