15 қыркүйектегі Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

Сағат 10.00-де онлайн форматта XVII Еуразиялық медиа форум басталады. Көрсетілім Еamedia.org сайтында және Еurasianmediaforum youtube арнасында жүреді.

Сағат 12.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің вакцина егу науқаны туралы онлайн-брифинг басталады. Спикер – Қордың корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры Мұхтар Манкеев.

Сағат 16.00-де Қазақстан Даму банкінің баспасөз орталығында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Масло-Дел Петропавловск» ЖШС арасында Петропавл қаласында майлы дақылдарды қайта өңдейтін жаңа май экстракциялық зауыт салу жобасы бойынша қаржыландырудың ашылуына байланысты баспасөз брифингі өтеді.

Сағат 16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуемкациялар қызметінде «Халық санағының аралық қорытындылары және өзекті мәселелері» тақырыбында баспасөз конференциясы басталады. Спикерлер: ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов; BTS Digital компаниясының өнім менеджері Жәнібек Дәуренбеков.

Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


Соңғы жаңалықтар