15 қыркүйекте Үкімет отырысы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні, 15 қыркүйекте, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Отырыста индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу және азық-түлікпен қамтамасыз ету сияқты өзге де бірқатар маңызды мәселе қаралады.



Соңғы жаңалықтар