15 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 15 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.15-те «Бейбітшілік және Келісім саябағында» ағаш отырғызу рәсімі өтеді. Оған Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне келген түрлі дін көшбасшылары қатысады.

10.00-де Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында секциялық отырыстар басталады.

11.00-де Қазақстан Халық партиясы Youtube каналының тікелей эфирінде өтетін қала ішіндегі құрылыс мәселесіне қатысты кезекті дөңгелек үстел өткізеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Самұрық-Қазына: реформалар 2.0» тақырыбында баспаcөз мәслихаты өтеді. Спикер: «Самұрық - Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/user/ortcomkz

12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады. Онда «Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы» мәселе қаралады.

15.00-де Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің жабылу рәсімі өтеді.

15.00-де «Есіл» ауданының полиция басқармасында «Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы көші-қон жағдайы туралы» брифинг өтеді. Спикерлер: Нұр-Сұлтан қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамет.

16.30-да Нұр-Сұлтан қаласындағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында танкист күніне орай әскери қызметшілерге құрмет көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі көрсетіледі.

19.00-де Номад Сити Холл сахнасында «Жас Абай» драмасы қойылады.

19.30-да «Барыс-Арена» алаңында «Барыс» және «Авангард» хоккей клубтары матч өткізеді.






Фото: www.istockphoto.com


Соңғы жаңалықтар