15 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 15 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

10.00-де «Қазақстан» СК жанында Түркістан облысынан жеткізілген ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталады.

11.00-де «Атамекен» ҚР ҰКП ІТ-Кеңесі «Ұлттық Ақпараттық технологиялар» АҚ қаржылық қолдауымен және вице-министрлердің қатысуымен Astana Hub алаңында цифрландыру тақырыбына арналған «Digital Arena - 2» форумы өтеді.

19.00-де Халықтар достығы монументі жанындағы TSE art destination галереясында «выставка Astana Art Show» халықаралық көрмесі ашылады.

АЛМАТЫ

9.00-де Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі Денсаулық фестивалін өткізеді.

9.00-де Reactor Team спорттық клубында әуесқойлар арасындағы пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтеді. Чемпионат жас мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған.

9.00-де Сайран көлінде Қала күні мен Халықаралық тазалық күніне арналған эко-сенбілік басталады.

11.30-де Қала күнін тойлау аясында Gakku TV арнасының «Gakku Даусы» фестивалі өтеді.

17.00-де Республика сарайында бірінші Almaty Film Festival ашылуы мен қызыл кілемде жүру рәсімі басталады.

15.30-да «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында Алматы әкімі, партия филиалының төрағасы Бауыржан Байбектің қатысуымен есептік конференция өтеді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ


7.00-де Түркістан облысының Сайрам-Өгем Ұлттық паркінде орналасқан аты жоқ шыңға «Астананың 20-жылдығы» атауы беріледі. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы ұйытқы болып отырған шараға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келеді.
Жиналу орны: Түркістан қ. «Балалар және жасөспірімдер өлкетану орталығы».

Соңғы жаңалықтар