15 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Карск аймақтарынан келетін циклон анықтайды. Соның әсерінен найзағай, жаңбыр, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың кей жерлерінде екпінді жел, дауыл, бұршақ болжанады. Түнде және таңғы сағаттарда еліміздің солтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде тұман күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ күтіледі, желдің екпіні күндіз 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде дауыл тұрып, желдің күші 25 м/с дейін артуы мүмкін, Бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, күші күндіз 23 м/с дейін жететін жел болжанады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Алматы, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Павлодар облысының батысында жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар