+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

15 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 15 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
15 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 15 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстанда Аналар күні

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2012 жылы бекітілді. Сол жылы 8 наурыз мерекесін тойлау қарсаңында отбасындағы береке мен мейірімнің ұйытқысы ретіндегі әйелдердің рөліне ерекше баға беріп, қазақстандық аналарға сый көрсету үшін арнайы бір күнді белгілеу идеясын алға тартты. Сондай-ақ, Президент қазақстандық аналарды «үй жұмыстары саябырсып, молшылық кезең болатын» күз мезгілінде құттықтауды ұсынды. Көп уақыт өтпей Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мейрамдар туралы» №3827 Жарлығына тиісті өзгертулер енгізілді. Оған сәйкес, елде жаңа мейрам - Аналар күні мерекесі тойланатын болды. Мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді.

Халықаралық демократия күні

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы үкіметтердің демократияны дамыту мен нығайтудағы күш-жігерлерін қолдауға арналған қарарында (№A/RES/62/7) жарияланған. 2008 жылғы 15 қыркүйектен бастап атап өтіледі. Халықаралық демократия күні Жаңа және қайта жаңғырған демократия елдерінің халықаралық конференциясының ұсынысы бойынша 1997 жылғы Демократия туралы ортақ декларация қабылдануына байланысты бекітілген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы астанасы туралы» заң күші бар Жарлыққа қол қойды.

1996 жылы Алматыдан 300 шақырым қашықтықта Алматы-Райымбек тас жолы бойындағы Мұратәлі деп аталатын үлкен төбеге Райымбек батырға ескерткіш орнатылды. Ескерткіш сәулетші Қ.Егізбаевтың жобасы негізінде тұрғызылды.

2001 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларында орын алған лаңкестік оқиғаларға байланысты Алматыдағы АҚШ елшілігінде болып, Америка халқына көңіл айтты және ресми мәлімдеме жасап, лаңкестердің айуандық істерін батыл айыптады.

2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Ядролық лаңкестік актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияға» Қазақстан Республикасы атынан қол қойылды.

Бұл құжат мемлекеттер арасындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықаралық лаңкестіктің алдын алу, жолын кесу және оны жою жөніндегі шараларды іске асыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатын көздейді.

2006 жылы Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезовтің мұрайжай-үйінде Махмұд әл-Қашғаридің «Диуани лұғат ат-Түрік» еңбегінің орыс тіліндегі басылымының тұсаукесері өтті.

«Диуани Лұғат ат-Түрік» - түрік тілдерінің ең көне сөздігі және Орталық Азия өркениетінің тарихы жайлы маңызды дереккөздердің бірі.

2011 жылы Астрахан облысы Красноярск ауданы Шағын Арал ауылында Бөкейхан мавзолейінің құрылысы аяқталды.

Мавзолейдің биіктігі - 18 метр, ені - 12 метр.

2011 жылы Алматыда дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатында аты аңызға айналған қазақ әншісі Күләш Байсейітованың ескерткіші ашылды.

2016 жылы Алматыда белгілі әнші әрі композитор Батырхан Шүкеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған фотокөрме ашылды. Көрмеде бұрын еш жерде жарыққа шықпаған жүзге жуық сурет көрсетілді.

2017 жылы ruh.kz «Рухани жаңғыру» ақпараттық порталының тұсауы кесілді. Ресурс бағдарламалық мақаланың барлық бағытын да қамтиды. Әсіресе, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының бірінші кезеңіне ерекше назар аударылған.

2017 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында қазақтың ұлы ақыны Абайдың әкесі, «Абай жолы» роман-эпопеясының бас кейіпкерінің бірі Құнанбай сұлтанға арналған ескерткіш ашылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT