15 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.30-да Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы «Қазақстан Республикасындағы сирек кездесетін жыртқыш құстардың өзекті мәселелері» атты онлайн кеңес өткізеді. Онлайн кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, экологиялық ұйымдардың, бизнес қоғамдастықтардың сарапшылары және дроф-дуадақтарды өсіру орталығының қызметкерлері қатысады. ZOOM жиналысына сілтеме:

https://us02web.zoom.us/j/2145222089?pwd=ZUxmZGZRTGFMZ0FrbzFwcHVGT1ZCdz09.

10.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресі «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік өзгерістер мен келешекке перспективалар» тақырыбында өтеді.

11.00-де The Ritz-Carlton қонақ үйінде «Корпоративті және өнеркәсіптік кеңістіктегі кибершабуылдардан қорғау эволюциясы» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

11.30 -де «Zооm» сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер:

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Мұратқызы Қалмұратова;

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Қабдешұлы Жұмыров; Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Өтебайқызы Көркімбаева. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан мен Индонезияның балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Менің елімнің мәдени мұрасы» атты халықаралық байқауының қорытындысы бойынша көрменің ашылуы өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Салауатты ұлт» әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» атты баспасөз пәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой; ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов; ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният; ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов; ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов; ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бекболат Байжанов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz


Соңғы жаңалықтар