+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

15 қараша - теңгенің айналымға енген күні және Қаржыгерлер мерекесі

2019 жылғы 15 қараша 03:47
Бөлісіңіз:
15 қараша - теңгенің айналымға енген күні және Қаржыгерлер мерекесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлттық валюта - теңгенің айналымға енген күні және Қазақстан қаржыгерлерінің кәсіби мерекесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді.

1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Содан кейін қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.

Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл-Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте Абай, елу теңгелікте Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылай хан бейнесі сомдалды.

1993 жылдың 12 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Ал 15 қарашада Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.

Ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді.

Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Қазір банкнот - Ұлттық банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің күні болып белгіленді.

Кеше ҚР Ұлттық банкі өкілдері теңгенің неге нығаймағанын түсіндірген еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экономика, Қаржы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT