15 қараша күні Қазақстан өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде ҚР 2022 жылғы қаңтар-қазан айларындвғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы; 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі; Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарының жобасы қаралады.

11.00-де Hilton Garden қонақ үйінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында (Astana International Exchange) және Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ (IPO) акцияларының бастапқы ұсынысына роудшоу өткізу шеңберінде инвесторлармен және әлеуетті инвесторлармен кездеседі.

16.00-де Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.

19.00-де Жастар театрында «Пранк махаббат» комедиясы қойылады.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Хат» философиялық драмасы көрсетіледі.


Фото: www.istockphoto.com

Соңғы жаңалықтар