15 қап ит өлексесі: Талғардағы оқиғаға министрлік түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Талғар қаласында иттің өлекселері бар 15 қаптың табылуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысындағы жағдай бойынша біздің мамандар Талғарға барды. Олар әкімдікпен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Өлекселер талапқа сай жойылып, материал полицияға берілді. Кінәлілер тиісті жазасын алады», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Рүстем Құрманов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жануарларды қорғауға арналған заң аясында тиісті актілер қабылданды. Сол сияқты биологиялық қалдықтарды жою аталған ведомствомен келісілді.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы облысы Талғар қаласында 15 қапқа салынған иттердің өлексесі табылғаны туралы ақпарат тараған еді.

Рүстем Құрманов бүгінгі брифинг барысында, сондай-ақ елімізде ветеринария саласын реформалаудың жол картасы бекітілгенін мәлім етті. Бұдан бөлек, ветеринария қызметін әкімдіктерден министрлік құзыретіне қайтару мәселесі, ветеринар дәрігерлердің жалақысын көтеру шаралары айтылды.


Фото: ortcom.kz


Соңғы жаңалықтар