15 қаңтар. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 15 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

66 жыл бұрын
(1956) Қазақстан Республикасы Жоғары соты жанындағы Әділ сот академиясының ректоры Зәуреш Хамитқызы БАЙМОЛДИНА дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң фаультетін, Саратов заң институты жанындағы аспирантураны, АҚШ-тың Рено қаласында Ұлттық сот колледжі жанындағы курсты бітірген. 1985 жылдан Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінде, оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары. 1994 жылдан – ҚР әділет министрлігі Бас басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу басқармасында экономикалық заңнама бөлімінің бастығы, басқарма бастығы. 1996 жылдан – Қазақ мемлекеттік заң институтының кафедра меңгерушісі, кәсіпкерлік-құқықтық факультетінің деканы, доцент, профессор. 2005 жылдан – ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 2006 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы. 2008-2012 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің инспекторы, 2012-2017 жылдар ҚР Әділет министрінің орынбасары болған. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (ОСК) болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қазанынан.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Ерен еңбегі үшін» (2008) медальдарымен марапатталған.

46 жыл бұрын
(1976) қазақстандық саясаткер, «Кто есть кто в Казахстане» ақпараттық-баспа жобасының жетекшісі, Қазақстан өмірбаяндық энциклопедиясының бас редакторы Данияр Рахманұлы ӘШІМБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін бітірген. 1990-1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасының кітапханашысы. 1993-2000 жылдары – «Тұран-Азия» Холдинг-орталығының менеджері, бөлім басшысының орынбасары, қаржылық директоры, вице-президенті. 2000-2004 жылдары – «Репутация» коммуникативтік технологиялар орталығының бас редакторы қызметтерін атқарған.

1994 жылдың маусымынан – қазіргі қызметінде.

«Кто есть кто в Казахстане», «Казахстан 90-х. Правительство Кажегельдина: приватизация, коррупция и борьба за власть», «Выборы-2004 в Казахстане: шаг за шагом», «Социально-политические портреты государств Центральной Азии» кітаптарының авторы.

45 жыл бұрын
(1977) Қазақстан Республикасының саясат қайраткері Серік Сақболдаұлы ӘБДЕНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында туған. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (1998) заңгер мамандығы бойынша; Қарағанды Қазақ тұтынушылар одағы экономикалық университетін (2004) экономист мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылдан – ҚР Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы бөлімінің бас маманы, бастығы. 2000 жылдан – заң сараптамасы бөлімінің бастығы, бақылаужәне құжаттық айналым басқармасының бастығы, ҚР СІМ аппараты жетекшісінің орынбасары. 2003 жылдан – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2004 жылдан – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты еңбекпен қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, директоры. 2007 жылдан – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2009-2012 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2012-2013 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2013 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі. 2016-2018 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы адам ресурстарын басқару бойынша вице-президенті болған. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ корпоративтік мәселелер жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары (2018-2021 жж.).

44 жыл бұрын
(1978) Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы КӨЛГІНОВ дүниеге келді.

Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мамандығы – заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. Еңбек жолын 2001 жылы Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, прокуроры болып бастады. 2002-2003 жылдары осы комитеттің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының прокуроры болды. 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының бастығы. 2008-2010 жылдары «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары. 2010-2012 жылдары осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет жасады. 2012-2013 жылдары БҚО әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі болған. 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың маусымынан.




Соңғы жаңалықтар