15 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 15 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

10.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы басталады. Күн тәртібінде «электронды Үкіметті» дамыту мен мемлекеттік қызмет көрсету және техникалық реттеу мәселелері тұр.

10.30-да «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ туристік операторлар мен компаниялар үшін ішкі медициналық туризмді насихаттауға бағытталған ақпараттық тур өткізеді.

11.00-де Қытай Халық Республикасы Елшілігі ҚР Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырған «Көктем мерекесі» көрмесі салтанатты түрде ашылады.

11.00-де Тілеп Қобыз сарайында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы инновациялық тұжырымдамалар» тақырыбындағы дөңгелек үстел басталады.

11.00-де №2 Есіл аудандық сотында БАҚ өкілдері үшін 2018 жылдың қорытындысына арналған брифинг өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына орай «Қазақ киносының анасы» атты еске алу кеші өтеді.

15.15-те Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі Комитетінің «2014 жылғы 23 мамырда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырда күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» кеңейтілген отырысы өтеді.

19.00-де «Мәскеу» бизнес орталығында «1-парабиеннале: мүмкіндігі шектеулі өнер көрмесі» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылады.

АЛМАТЫ

11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Dow Jones & Company агенттігі мен The Wall Street Journal газетінің Қазақстан медианарығына шығуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

19.00-де «Қазақстан» қонақ үйінде «Три дома окнами во двор» алғашқы алматылық рок-мюзиклінің шығармашылық тобы баспасөз мәслихатын өткізеді.

КӨКШЕТАУ

15.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы Есіл ауданының әкімі Талғат Ерсейітов өңірдің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы брифинг өткізеді.

Соңғы жаңалықтар