+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

15 ақпанда ауа райы құбылмалы болады

2020 жылғы 14 ақпан 23:55
Бөлісіңіз:
15 ақпанда ауа райы құбылмалы болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанда қатты дауылдан екі адам жарақат алды Еліміздің үш облысында дауыл 160-тан астам ғимараттың шатырын ұшырып әкетті Аяз, жауын-шашын, күшті жел: Түркістан облысы мен Шымкентте күн күрт суытады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Елдің солтүстік бөлігінде - қар, оңтүстік жартысында - жауын-шашын жауады. Тек республиканың шығысында күн ашық болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Ақмола облысында түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе, Павлодар, түнде Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Атырау облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT