15 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда бейсенбі - 15 ақпанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

10.00-де «Ұлттық биотехнологиялар орталығы» РМК Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «шетелдік зейнеткер мамандарды тарту арқылы ауыл кәсіпкерлерін жаппай оқыту» туралы тапсырмасы аясында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес АҚ мен 15 салалық қоғамдық ұйым, 22 ғылыми-зерттеу институты консорциумдық келісім бекітеді.

10.30-да «Жастар» сарайында «Izgi Qadam» қайырымдылық шарасының ашылуы өтеді.

11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында арнайы ХҚО-ларда анықталған кемшіліктер туралы брифинг өтеді.

14.30-да Қазмедиа орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының кеңейтілген отырысы өтеді.

15.00-де Astana Hub ғимаратында «SOCIAL LIFT» платформасы мен «Open English» жобасы ресми түрде ашылады.

16.00-де «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Қазақстан - 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік осал топтарды қолдау» бағытына арналған комиссия отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

9.00-де Halyk Arena ғимаратында робототехникадан ЖОО-лар арасында «IITU Robocon 2019» бірінші республикалық чемпионаты өтеді.

ТҮРКІСТАН

11:00-де Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет сарайында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев халық алдында есеп береді.

ШЫМКЕНТ

11:00-де Түркістан мәдениет сарайында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халық алдында есеп береді.

Соңғы жаңалықтар