15 адамды өрттен құтқарған әскери қызметші марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі өртке оранған үйден 15 адамды құтқарған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі ефрейтор Қуандық Қанатовты марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Мүсілім Алтынбаев әскери қызметшіге ерлігі мен батылдығы үшін министрлік атынан алғыс білдірді.

Қуандықтың әрекеті - әр азамат үшін зор үлгі. Тек қызметтік борышты орындау кезінде ғана емес, өмірдегі кез келген қиын-қыстау сәтте ерлік танытуға да болады.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 15 ақпан күні Қуандық Қанатов түнгі сағат 2-де жанып жатқан үйдің тұрғындарын эвакуациялауға қатысады. Ол қызметі барысында өрт қауіпсіздігі бойынша алған біліктілігінің арқасында өрт сөндіруге және өртке оранған ғимараттан 15 адамды алып шығуға көмектескен. Ғимараттан, жалпы 79 адам, соның ішінде 20 бала эвакуациялаған.

Соңғы жаңалықтар