15,3 млн қазақстандық МӘМС жүйесінде сақтандырылған – Болат Төкежанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 миллионнан астам қазақстандық міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдай кезеңінде халықтың бір бөлігі табысынын айырылып, осы жарнаны енгізу мүмкіндігі болмады. Осыған байланысты қор індет кезеңінде табысынан айырылғандарға сақтандыру мәртебесін қалпына келтіру үшін Үкіметке бірқатар ұсынысты енгізді. Қабылданған шаралар медициналық сақтандыру жүйесіне 740 мыңға жуық адамды қайтарды», - деді Б. Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде МӘМС-те 15,3 млн адам сақтандырылған. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша медициналық сақтандыру жүйесінен 3,4 млн адам тыс қалып отыр. Бұл өз кезегінде халықтың жалпы санынан 18 пайыз шамасында.

«Оның ішінде 2 миллионнан астамы - бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер, дербес төлеушілер, жалдамалы жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер, жеке тәжірибемен айналысатындар. Олар жүйесіз әрі тұрақсыз аударым себебінен жүйеден тыс қалды. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 1,3 млн адам МӘМС жүйесіне бірде-бір рет жарна мен аударым жасамаған, сондықтан оларда медициналық сақтандыруда мәртебесі жоқ», - деді Б. Төкежанов.

Осы орайда ол МӘМС-тен тыс қалған адамдарды жүйеге қатысуға шақырды.

«Сақтандырылған азаматтар үшін медициналық қызметтердің көлемі мен құнына қатысты шектеу жоқ. МӘМС-ке жылына 25 мың теңге көлемінде ең төменгі төлем жасаған пациент медициналық көмекті тегін алады, ал аударған жарнасының сомасы маңызды емес», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар