146 мың салымшының ұлттық валютадағы депозиті қайта рәсімделді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан банктері жинағын ұлттық валютада ұстаған 146 000 салымшының депозитіне өтемақы төледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде депозиттерді қайта ресімдеуге берілген 129 000 салымшының өтініші банктердің қарауында жатыр.

Айта кету керек, ҚР Ұлттық банкі еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібін бекіткен болатын.

Құжатқа сәйкес өтемақы салымшының 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңында теңгемен ашылған депозиті болған жағдайда ғана төленеді. Бұл ретте депозит бойынша банк шотындағы қалдық 1 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Кейіннен банктердің салымшылардан өтініштер қабылдау мерзімі 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Осыған байланысты Тәртіп шеңберінде өтемақы алу үшін салымшылар 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде депозиті бар банкке депозитті қайта ресімдеу үшін өтініш беруі қажет.

Соңғы жаңалықтар