142 мыңға жуық қазақстандық «7-20-25» бағдарламасымен үй алуға өтінім берген

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қазақстандықтар 142 мыңға жуық өтінім жолдады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,8 трлн теңге несие алуға 141 769 өтінім қабылданды. Оның ішінде 819 млрд теңгеге 62 852 өтінім мақұлданды» - делінген хабарламада.

Аталған тұрғын үй бағдарламасы бойынша «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-ның +7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпарат орналастырылған.


Соңғы жаңалықтар