1414 нөмірі бойынша тегін заңгерлік көмек алуға болады - Әділет министрлігі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бірыңғай байланыс орталығының базасындағы 1414 нөмірі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардан заң мәселелеріне қатысты да кеңес беріледі. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әділет министрлігі халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде кезекті қызметті іске қосады.

Осылайша, Бірыңғай байланыс орталығының базасындағы 1414 нөмірі бойынша консультациялық көмек азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардан заң мәселелері бойынша да беріледі.

Қазақстан бойынша барлық ұялы байланыс операторы және стационарлық телефондар арқылы 1414 нөміріне қоңырау шалу тегін.


Соңғы жаңалықтар