+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

1414 байланыс орталығына бір күнде 600 мың адам хабарласқан

2020 жылғы 7 сәуір 13:09
Бөлісіңіз:
1414 байланыс орталығына бір күнде 600 мың адам хабарласқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты 1414 бірыңғай байланыс орталығы қызметкерлер санын 200-ден 2000-ға дейін арттырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтып берді.

«26 наурыздан бастап еліміздің барлық өңірінде халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша жұмысын тоқтатып, Электронды үкімет порталына ауыстырылды. Онлайн қызмет алу туралы халыққа үздіксіз кеңес беру үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлер саны 200-ден 2000-ға дейін көбейді», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бұл қызметке Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының фронт-кеңселерінде консультация берген мамандар тартылған.

«Байланыс орталығына хабарласа алмаған азаматтардың шағымын да естідік. Жай күндері 1414 нөміріне бір күнде түскен ең көп қоңырау 25-30 мың аралығында болса, қазіргі уақытта 600 мың қоңырауға дейін тіркелді. Жыл басынан бері бұл орталық 4 млн адамға кеңес берген», - деді А. Оспанов.


Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын электронды түрде алуға болады. Жыл соңына дейін электронды қызметтер үлесін 90 пайызға жеткізу жоспарланған. .

«Өткен жылы Электронды үкімет порталында 47 млн астам қызмет электронды түрде көрсетілді. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда, 57 пайызға артық. Халыққа қызмет өрсету орталықтары мен Азаматтарға арналған үкімет корпорациясында былтыр 27 млн қызмет көрсетілді. Бұл 2018 жылғы қызметтен 4,5 млн-ға азырақ. Яғни, мемлекеттік қызметті онлайн түрде алушылар саны артып келеді», - деді Абылайхан Оспанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT